Қаржы мониторинг агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті моншада заңсыз «покер» құмар ойынын ұйымдастыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ойыншылар 50 000 теңге тігу арқылы фишка алып немесе қаражаты болмаған жағдайда карта шотына ақша аудару және ойыншаларды қызықтыру үшін қарызға ойнауға мүмкіндігін берген.
Бұдан басқа жалдамалы пәтерде де «покер» ойынын ұйымдастырыру қылмыстық әрекеті әшкереленді.
Сот үкімімен аталған тұлға қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды.