• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 26 Қыркүйек, 2022

Доллар бағамы арзандады

124 рет
көрсетілді

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 2,48 теңгеге төмендеп, 477,37 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Сауда-саттық барысында Ресей рублінің орташа бағамы 8,23 теңгеге (+0,09) дейін өссе, Қытай юанінің орташа бағамы төмендеп, 66,61 теңгені (-1,04) құрады.

Еуро бойынша сауда жүргізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 467,91 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде америкалық долларды 479-484 теңгеден, еуроны - 462-469 теңгеден, рубльді - 7,4-7,7 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 26 қыркүйектегі сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы да аздап төмендеді.

Мәселен, Brent сұрыпты мұнай фьючерстерінің құны желтоқсан айында 5,03%-ға, барреліне 85,05 долларға дейін төмендеді.

WTI маркалы мұнай фьючерстері қараша айында 5,69%-ға, барреліне 78,74 долларға дейін төмендеді.