• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Қыркүйек, 2022

Ижевск мектебінде оқ атқан адамның жеке басы анықталды

140 рет
көрсетілді

Ижевск мектебінде атыс шығарған адам сол мектептің түлегі болып шықты. Бұл туралы Ресейдің тергеу комитетінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС Telegram арнасына сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметінше, 1988 жылы туған Артем Казанцев - Ижевск мектебінің түлегі.

Ол мектепке қару кіргізіп атыс шығарғаннан кейін өзіне қол жұмсады.

«Алдын ала ақпарат бойынша оның нацистік символика мен қара балаклава кигені анықталды. Оқиға орнында қылмыскердің құжаттары табылған жоқ», делінген Ресей СК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін Ижевск мектебіне қарулы адам кіріп, атыс ұйымдастырған.

«Жантүршігерлік оқиғада 13 адам қайтыс болды, оның жетеуі - кәмелет жасына толмаған балалар. Сондай-ақ 14 бала және 7 ересек адам жарақат алған. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат әлі де нақтылануда», деп қосты ведомство.