Марат Нұрланбекұлы Семей мемлекеттік медицина институтын, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, «Алматы Менеджмент Университеті» ОҒҚ бітірген.
Семей қаласының облыстық клиникалық ауруханасының анестезиолог дәрігері болып жұмыс істей бастады.
1996-1998 жылдары-Семей қаласының облыстық онкодиспансері ОМР бойынша директордың орынбасары.
1998-2013 жылдары - Семей қаласының өңірлік онкодиспансерінің директоры.
2018-2022 жылдары - Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығының директоры қызметін атқарған.
Марат Нұрланбекұлы медицина ғылымдарының докторы, «Медицина» мамандығының доценті. Екі монографияның, 183 ғылыми мақаланың авторы, 10 авторлық куәлік және бір инновациялық патенттің иегері.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Денсаулық ісіне қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.