• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 26 Қыркүйек, 2022

Мемлекет басшысы Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

454 рет
көрсетілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ижевск қаласындағы мектепке жасалған шабуыл салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ресей Федерациясының Ижевск қаласындағы №88 мектепке жасалған қарулы шабуыл салдарынан азаматтардың, соның ішінде балалардың қаза табуы туралы қайғылы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадым. Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Сізге және қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Сондай-ақ барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», делінген жеделхатта.

Еске сала кетсек, бүгін Ижевск мектебіне қарулы адам кіріп, атыс ұйымдастырған.

Жантүршігерлік оқиғада 13 адам қайтыс болды, оның жетеуі - кәмелет жасына толмаған балалар. Сондай-ақ 14 бала және 7 ересек адам жарақат алған.