• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қыркүйек, 2022

Мигранттар заңнама шеңберінде еңбек ете алады - Әлихан Смайылов

676 рет
көрсетілді

Әлихан Смайылов Үкіметтің көші-қон мәселелеріне қатысты өткізген жиынына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кеше Үкіметтің көші-қон мәселелеріне қатысты өткізген жиналыстағы мәліметтерге байланысты қоғамда дұрыс түсінбей жатқандар бар. Шетел азаматтарына заң аясында қызмет көрсетіледі. Біз халықаралық міндеттерімізді орындай отырып, өз еліміз бен халқымыздың мүддесінен жоғары құндылық жоқ екенін ұмытпауымыз керек. Ең маңызды мәселенің бірі – құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік», деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол жалдамалы тұрғын үй бағаларының өсуінен өз азаматтарымыздың қиын жағдайға тап болғанын сөз етті.

«Жауапты органдар тұрғын үй нарығындағы ахуалды тұрақтандыру бойынша тиісті шараларды қабылдау қажет. Оны біз кеше айттық. Еңбекпен қамту бойынша ең алдымен қазақстандықтардың жай-күйі, жұмыс жағдайы біз үшін приоритет болуы тиіс. Барлық кәсіпорындар мен мекемелер осыны естен шығармау керек. Ал, көршілес елден келген мигранттар белгіленген заңнама шеңберінде ғана еңбек ете алады. Жағдай күнделікті бақылауда», деді Үкімет басшысы.