• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Қыркүйек, 2022

Токиода Синдзо Абэнің жерлеу рәсімі өтті

215 рет
көрсетілді

Бүгін Токиода Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің мемлекеттік жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синдзо Абэ 2012 жылдан 2020 жылға дейін Жапония тарихындағы ең ұзақ қызмет еткен премьер-министр. Ол биылғы шілдеде кісі қолынан қаза тапты. 

Жапонияның бұрынғы премьер-министрін жерлеу рәсімі 12 шілде күні отбасы және жақын достарының қатысуымен Токиода өткен. Содан кейін үкімет басындағылар мемлекеттік жерлеу рәсімін ұйымдастыру туралы бастама көтерді. Мемлекеттік рәсім бүгін, сейсенбіде, Чийода ауданындағы «Ниппон Будоканда» аренасында ұйымдастырылды. Оған Жапония мен басқа елдерден 4000-ға жуық шенеунік қатысты. Салтанатты рәсімге император Нарухито мен Масако келді.

Жерлеу рәсіміне барлығы 27 ел мен халықаралық ұйымдардан 700 делегация қатысқан. Олардың арасында  ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді де бар.