• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қыркүйек, 2022

Қазақстан-Ұлыбритания арасында тұрақты әуе рейстері көбейеді

175 рет
көрсетілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кэти Личпен кездесті. Кездесу барысында тараптар елдер арасындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық пен тұрақты әуе рейстерінің санын арттыруды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет төрағасы қазақстандық азаматтық авиация саласының бүгінгі ахуалы жайында және алдағы жоспарлары турасында әңгімеледі. Ал Кэти Лич «Климаттық амбициялар үшін халықаралық авиациялық коалиция» жобасына қолдау көрсетуге шақырды. Бұл жоба Ұлыбританияның бастамасымен жүзеге асырылуда. Осы ретте айта кетерлігі, Климаттық амбициялар үшін халықаралық авиациялық коалицияның құрамына ICAO ұйымының жаһандық жетекшілігімен жұмыс істейтін елдер тобы кіреді. Коалиция климаттық амбицияларды арттырудың жалпы мақсатына жетуді көздейді.

Өз кезегінде қазақстандық тарап қоршаған ортаға кері әсерді азайтуға мүдделі екендігін және бұл мәселені барлық ынталы тараптар мен ұлттық мүдделерді ескере отырып жан-жақты қарауға дайын екендігін жеткізді.

Сонымен қатар кездесу барысында биыл 27 қыркүйек пен 7 қазан аралығында өтетін Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ICAO) Ассамблеясының 41-ші сессиясының күн тәртібіндегі мәселелерді назарға алды. Бұдан бөлек, елдер арасындағы 2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы навигация кезеңіндегі күнделікті тұрақты рейстердің санын арттыру жайы да қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар