Жаңа Зеландия үкіметі Ресейге қарсы жаңа шектеу шараларын енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz ukrinform.ru сайтына сілтеме жасап.
Жаңа Зеландияның Сыртқы істер министрі Нанай Махутаның айтуынша, жаңа санкциялар тізіміне 19 адам енгізілген. Олардың арасында Ресей министрлері, Ресей Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері, Путиннің туыстары мен Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров бар.
Министр сондай-ақ Ресейдің оккупацияланған аумақтарда референдумдар өткізуін сынға алып, оны халықаралық құқықтың негізгі нормаларын бұзу деп атаған.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін Жаңа Зеландия мыңнан астам жеке және заңды тұлғаларға қарсы санкциялар салды.