• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қыркүйек, 2022

Павлодар облысына 8 мыңдай ресейлік енген

214 рет
көрсетілді

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Круктың айтуынша, 21-26 қыркүйек аралығында шекаралық бекеттер арқылы Ресейден Павлодар облысына 13 284 адам өткен. Қазіргі уақытта өңірде шамамен 8 мыңнан астам ресейлік жүр деп шамалануда. 

Қазір аймақтағы қонақүйлер 95-98 пайызға толған. Тек хостелдердің 30 пайызы бос тұр.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында  21-26 қыркүйек аралығында ресейлік азаматтардан жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу үшін 931 өтініш түскен. Бір ғана 26 қыркүйек күні 508 өтініш қабылданыпты. Адамдардың мұндай нөпіріне шыдамаған Павлодардағы №3 ХҚО қосымша 7 қызмет көрсету үстелін құрып, резидент емес тұлғаларды жеке қабылдауда. Көші-қон қызметтерінде осы күндері 437 ресейлік уақытша тіркелген.

 

Павлодар облысы