• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Технология 28 Қыркүйек, 2022

Семейде антивирус зертханасы ашылды

461 рет
көрсетілді

Цифрлы вирусқа қарсы бағ­дарламалық өнімдерді әзір­леп, енгізумен айналы­сатын Dr. Web компа­ния­сы Abai IT-Valley тех­но­ло­­гиялық клас­те­­рімен ме­мо­рандумға қол қой­ды.

Dr.Web компаниясының Ор­та­лық Азиядағы бас директоры Илья Дыбовтың айтуынша, қазір әлемдегі веб-қауіптердің көлемі қарқынды түрде өсіп ке­леді. Сол себепті қауіп­сіздік жүйе­сіне жіті көңіл бөлген дұрыс дей­ді ол.

«Қазір IT-дің енбеген сала­сы қалмады. Сәйкесінше, әлемде бұған байланысты қауіп­тің түрі де кө­бейіп жатыр. Бұл әртүрлі си­паттағы «трояндық» вирус­тардан бас­тап алаяқтардың әре­кеттеріне дейін қамтиды. Әсі­ресе жеке дерек­терге қатысты қауіп-қатер азай­май тұр. Бұл проб­­лемамен корпо­ра­тивтік және жеке желілердің пай­дала­ну­­­шылары бетпе-бет келуде. Біз осы бағыттағы тәжірибемен Абай об­лысының тұрғындарымен бө­ліс­кіміз келеді», деді И.Дыбов.

Антивирустық зертхананың өкілдері ақпараттық қауіпсіздік мә­селесінің өзектілігі уақыт өт­кен сайын артып бара жат­қанын айтады.

«Антивирустық жүйелер – осы бағытта көрсетілетін қызметтің бір тармағы ғана. Ақпараттық қауіп­сіздік мүлдем басқа сала. Сон­­дықтан пайдаланушылардың бұл жө­­нінде толыққанды білім­мен қам­тылуы өте маңызды деп санаймыз. Тек адамдардың білі­мі мен ха­бардарлығы жеке дерек­тердің 100% қорғалуына мүм­кіндік береді», деді Dr. Web ком­паниясының басшысы.

Жаңадан ашылған зертханада вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуден бөлек, барлық дербес компьютер пайда­ла­нушыларына ақпараттық қауіп­­­сіздікке арналған курстар өткізіледі деп жоспарланған.