• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қыркүйек, 2022

Үш өреніміз рингке шығады

159 рет
көрсетілді

1 қазанда Польшаның Люблин қала­сында өтетін кәсіпқой бокс кешінде үш спортшымыз бақ сынайды. Олар – Бекзат Нұрдәулетов, Мейірім Нұр­сұлтанов және Бекман Сойлыбаев.

Жартылай ауыр салмақтағы Бекзаттың әуесқойлар арасында әлем чемпионы деген атағы бар. 24 жастағы Маңғыстау облы­сының тумасы кәсіпқойлар арасында 2020 жылдан бері өнер көрсетуде. Сол аралықта ол бес жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Польшада Нұрдәулетов грузиялық Яго Кизириямен (6-8, 4 КО) күш сынасады. Орта салмақтағы Мейірім – жастар арасында Азия чемпионы, WSB додасының жеңімпазы. Семей өңірінде дүниеге келген 29 жастағы Нұрсұлтанов 2016 жылдан бері кәсіпқойлармен сайысқа түсіп, 17 бәсекенің барлығында басымдық танытты. Ол өзіне тиесілі WBO International нұсқасының алтын белбеуін сақтап қалу үшін аргентиналық Марсело Фабиано Касереспен (18-4, 13 КО) кездеседі.

Ал жартылай жеңіл салмақтағы Бекман Сойлыбаев (14-1, 5 КО) Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Сифосетху Мвулмен (16-4-1, 7 КО) шеберлік байқасады. Ол да алтын белбеу үшін таласады.