Қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында София (Болгария) ATP 250 жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерасциясына сілтеме жасап.
«Қазақстандық жұп бастапқы кездесуін нидерландық Робин Хасе мен аустриялық Филипп Освальдке қарсы өткізді. Голубев пен Недовесов қарсыластарын 6:3, 7:6 (7:5) есебімен тізе бүктірді. Олар бір жарым сағатқа жуық созылған бәсеке барысында 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды», деп жазылған хабарламада.
Енді қазақстандық жұп жартылай финал жолдамасын жарыстың 4-ракеткалары, монаколық Хьюго Нис – поляктық Ян Зелински немесе америкалық Хунтер Рис – Польшаның тағы бір өкілі Шимон Валков жұптарының қай жеңгенімен сарапқа салады.