• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қыркүйек, 2022

Қазақстан БҰҰ-ның цифрланған мемлекеттер рейтингінде отыз елдің қатарында

179 рет
көрсетілді

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сарапшылардың болжамы бойынша, он жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70 пайызы цифрлық платформалық модельдерге негізделеді. Осындай жағдайда Қазақстан өз алдына еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу стратегиялық міндетін қойды. Бұл үшін берік негіз бар. Бүгінде Қазақстан көптеген дамыған елден озып, БҰҰ-ның цифрланған мемлекеттер рейтингінде үздік отыз елдің қатарына кіреді. Қазақстан цифрландырудың дамыту векторын мазмұндық жағынан да, институционалдық тұрғысынан да нақты айқындағанын атап өткен жөн», деді Мемлекет басшысы.