• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 28 Қыркүйек, 2022

Президент елдің цифрлық трансформациясындағы басымдықтарын атады

296 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумында Қазақстанның цифрлық трансформациясындағы 5 басымдығын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел Президентінің айтуынша, жаңа идеялар мен серпінді жобалар тек еркін әрі үйлесімді қоғамда ғана пайда бола алады.

«Сондықтан, елді ауқымды жаңғырту шеңберінде біз әділетті Қазақстанды – баршаға тең мүмкіндіктер мемлекетін құруды көздеп отырмыз. Заманауи диджитал-номадтар жаһандық кибер және физикалық кеңістікті белсенді игеруде, жаңа өнімдер мен нарықтар құруда. Қазіргі заманғы ақпараттық өркениет әр адамның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін үлкен мүмкіндіктер ашады», деді Мемлекет басшысы.

Форум барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның цифрлық трансформациясындағы 5 басымдығын атады. Олар:

Адамға бағдарланған қызметті дамыту. IT-сала үшін қолайлы жағдай жасау. IT-инфрақұрылымды кең көлемде модернизациялау. Цифрлық экономиканы және Индустрия 4.0-ді дамыту. Адам капиталын нығайту.