Минск қаласында өткен оқу-жаттығу аясында 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы кезекті жолдастық ойынын Беларусь командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
Кездесудегі екі гол да бірінші таймда соғылды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов ойынның 32-минутында есеп ашса, алаң иелері араға он минут салып Егор Карпицкий соққан голдан кейін таразы басын теңестірді. Матч 1:1 есебімен аяқталды.
Бұған дейін Қайрат Нұрдәулетов командасы Ресей жастарымен жолдастық матч өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді.