• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Қыркүйек, 2022

Берлинде өткен марафонда әлем рекорды жаңарды

224 рет
көрсетілді

25 қыркүйекте Германияда өткен жарыста Элиуд Кипчоге өз рекордың өзі жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол 42 шақырым 195 метр қашықтықты 2 сағат 1 минут 9 секундта бағындырған. Кениялық желаяқ бұған дейінгі көрсеткішінен 30 секундқа ерте келген. Енді қазір әлемдік рекорд 2:01:09 уақытқа тең. Спорт мамандарының айтуынша, бұл – таңданарлық жайт. Олардың арасында мұны физика заңдарынан тыс құбылыс деп бағалап жатқандар бар.