«ІnDriver компаниясының негізін қалаушысы Арсен Томский Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы көлік қызметі саласындағы ең танымал мобильді қосымшалардың бірі іnDriver-дің қызметін дамытудың перспективалары туралы айтты. Компания басшысының айтуынша, Астана мен Алматыда екі кеңсе ашылған. Сонымен қатар inDriver Astana Hub резиденті атанды. Арсен Томский Spark цифрлық университетін құру және жастарды қолдауға бағытталған бірқатар коммерциялық емес жобаны жүзеге асыру жоспарларын жеткізді», деп жазылған хабарламада.
Президент
•
28 Қыркүйек, 2022
Президент ІnDriver компаниясының негізін қалаушымен кездесті
318 рет
көрсетілді