• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қыркүйек, 2022

Нығматулиндерге қатысты іс қозғалған жоқ - Бас прокуратура

332 рет
көрсетілді

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Ерлан Нығматулиннің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әсет Шындалиев ағайынды Нығматулиндерге қарсы іс қозғалмағанын айтты.

«Менің білуімше, оларға айып тағылған жоқ. Менде ондай ақпарат жоқ», деді Бас прокурордың орынбасары.

Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев үндеу жасап, елде көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кеткенін айтқан еді. Оның айтуынша, ұлтаралық араздықты қоздыруға, қорқытуға, көрінеу жалған ақпарат таратуға бағытталған бұл әрекеттер қылмыстық іс-әрекеттерге жатады. ҚР ҚК 174, 194 және 274-баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Соңғы жаңалықтар