• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 28 Қыркүйек, 2022

Барлық міндеттер «алашапқынсыз» шешілуі тиіс - Президент

222 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында Ұлттық жобалардың жүзеге асырылуын қадағалайтын мониторинг жүйесі қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барлық міндеттер тез, әуре-сарсаңсыз, жауапкершілікті бір-біріне сілтейтін ведомстволар арасындағы «алашапқынсыз» шешілуге тиіс. Бастысы – нақты белгіленген нәтижелерге қол жеткізу. Ол үшін жобалардың жүзеге асырылуын қадағалайтын мониторинг жүйесі қажет», деді Мемлекет басшысы.

Отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бірқатар тапсырма жүктеді.«Биыл қараша айына дейін Үкімет қаулысымен аталған ұлттық жобаларды және қажетті нормативтік актілерді бекітуді, сондай-ақ жыл соңына дейін осындай жаңа форматта әзірленетін қосымша ұлттық жобалардың тізбесін анықтауды тапсырамын», деді Президент.