Digital Bridge технологиялық форумының аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа VetMobile мобильді қосымшасын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен әзірленген қосымша төрт түлік туралы ветеринарлық деректердің қалыптасу және деректерді алмасу процесін толық цифрлық форматқа көшіріп, мал дәрігерлерінің жұмысын жеңілдетеді», деп жазылған хабарламада.