ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті қонақтық матчта елордалық «Барыс» мәскеулік «Спартакты» жеңді. Мәскеуде өткен кездесу 3:1 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz астаналық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ойынның бесінші минутында «Спартак» өкілі Захар Арзамасцев елордалық команданың қақпасына шайба соқты. Екінші кезеңде ешкім гол соға алмады.
Бірақ соңғы жиырма минуттың 11-ші секундында Джереми Бракко есепті теңестірді. Содан кейін Аркадий Шестаков алшақтықты арттырды. Ал 54-ші минутта Егор Петухов «Барыстың» табысын бекітті.
Айта кетсек, 2 қазанда «Барыс» «Сочимен» кездеседі.