Ирак елдің солтүстігіндегі бірқатар ұйымның штаб-пәтерінің атқылауына байланысты Иранға наразылық нотасын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Иранның Бағдадтағы елшісі Мұхаммед Казим әл-Садық бейсенбі күні Ирак Сыртқы істер министрлігіне шақырылған.
Сыртқы істер министрлігі Иран күштерінің Ирак аумағына жасалып жатқан шабуылдарды айыптап, бұл іс-әрекеттерге жауап беруге дайын екендіктерін жеткізген.
Бағдад Тегеранды Ирактың егемендігін құрметтеуге және көрші елге қарсы соғысудан аулақ болуға шақырды.