• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қыркүйек, 2022

Еңбек құқығы бұзылғанда қайда хабарласу керек?

1218 рет
көрсетілді

Жұмыс беруші тарапынан жұмыс­кер­лердің еңбек құқықтары бұзылса, жалақы уақтылы төленбесе, қауіпсіздік еңбек шарттарымен қамтамасыз етілмесе, жұмыстан заңсыз шығару және басқа да мәселелер бойынша әрбір Қазақстанның азаматы облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанада орналасқан еңбек инспекцияларына өтініш бере алады.

Еңбек инспекцияларының электронды мекенжайлары:

Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – labor@akmola.gov.kz; Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – enbek@aktobe.gov.kz; Алматы облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – a.arapov@almobl.gov.kz; Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – enbek@atyrau.gov.kz; Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – enbek-i@akimvko.gov.kz; Жамбыл облысының еңбек инспекция­сы жөніндегі басқармасы – taraz@zhambyl.gov.kz; Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – as.doszhanov@bko.gov.kz ; Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – enbek@krg.gov.kz ; Қостанай облысының еңбек инспекция­сы жөніндегі басқармасы – trud_inspektor.kostanay@gov.kz; Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасы – b.shamenov@korda.gov.kz ; Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – a.inkarov@mangystau.gov.kz ; Павлодар облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – Upravlenie.truda@pavlodar.gov.kz ; Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – u.git@sko.gov.kz; Абай облысының бақылау жөніндегі басқармасы – a.baikazakov@akimatabai.gov.kz ; Жетісу облысының еңбек инспекция­сы жөніндегі басқармасы – obl.inspekcia@zhetysu.gov.kz; Ұлытау облысының еңбек инспекция­сы жөніндегі басқармасы – k.smagulov@ulytau-region.gov.kz ; Түркістан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – mei@turkistan.kz; Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – b.kalzhanov@shymkent.gov.kz; Алматы қаласының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы – e.seitzhapparkyzy@almaty.gov.kz; Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы – e.ismagulov@astana.gov.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биыл 8 айда мемлекеттік еңбек инс­пекторлар 3 628 тексеріс жүргізіп, 6 171 бұзушылықты анықтады. Оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 4 143; еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласы бойынша – 1 885; халықты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша – 143.

Тексерістердің нәтижесі бойынша міндетті түрде орындауға 2 063 нұсқама берілді. 271,7 млн теңге сомада 1 396 айыппұл салынып, 492 ескерту енгізілді.