• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Білім 30 Қыркүйек, 2022

Өзге тілдің бәрін біл…

256 рет
көрсетілді

Ауыл оқушыларына Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жас еріктілері ағылшын тілін үйретеді.

Төрт жылдан бері Шымыр ауы­лындағы Мәншүк Мәметова атындағы орта мектептің оқу­шы­ларына аптасына екі рет ағыл­шын тілі оқытылатын English club әлеуметтік жобасы ұйым­дас­ты­ры­лып келеді. Бүгінде жобаны 10 Е сынып оқушылары сәтті жүргізіп жа­тыр. Оқыту ойын және жаттығу түрінде өтуде.

English club жобасы ауыл оқушыларының білім олқы­лық­та­рын толтыруға, тілдік кедергіні жеңуге көмектеседі және шет тіл­де­рін одан әрі оқуға ынталандыра­ды», дейді жоба үйлестірушісі, 10-сынып оқушысы Мәдина Шаханова.

М.Мәметова атындағы орта мек­тептің 8-сынып оқушысы Айзере Ғизат ағылшын тілі саба­ғы­на екінші жыл қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ол қарапайым білімді ғана емес, мәтіндерді өз бетімен жазуды да үйренді. Бұл ол үшін үлкен қадам.

«Жоба арқылы қажетті білім алуға мүмкіндік алдық. Жасы­ра­ты­ны жоқ, ағылшын тілін білу еліміздегі және әлемнің үздік уни­ве­р­ситеттеріне жол ашады», дейді Айзере.

Биылғы оқу жылында English club жобасына Шымыр ауыл­дық мектебінен 40 оқушы қаты­са­ды. Бүгінде алғашқы сабақтар өтті, алдағы уақытта қызықты, та­ным­дық, ең бастысы қажет ағыл­шын тілі сабақтары өз жалғасын табады. Айта кетейік, 2018 жылы Талдықорған қаласындағы Назар­баев зитякерлік мектебі мен Шы­мыр ауылындағы М.Мәметова атын­­дағы орта мектеп арасында өзара ынтымақтастық туралы ме­мо­рандумға қол қойылған бола­тын.

 

Жетісу облысы