• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 30 Қыркүйек, 2022

Музыка кешінде...

198 рет
көрсетілді

Елорданың Е.Рахмадиев атын­дағы Мемлекеттік ака­де­­миялық филармониясында «Фран­ция музыка кеші» кон­цер­ті өтті. Кеш бағ­дарламасында Жорж Бизе, Мо­рис Равель, Клод Дебюсси, Шарль Гуно, Жюль Массне, Шарль Кеклен, Эдуар Лало және Фран­сис Пуленк сынды француз ком­по­зиторларының танымал вокалдық шығармалары орындалды.

Жалпы, француз мәдениетінің әлемдік өркениеттегі алар орны ерек. Ал француз әні – тарихы терең музыкалық мәдениеттің бірі. Мәселен, Францияның ұлт­тық операсы XVII ғасырдың ортасында қалыптасып, содан бері әлемдік музыка қазынасына сан­даған жау­һар сыйлады.

Кеш барысында Қазақ­станның еңбек сіңірген қайрат­керлері Бибі­гүл Жанұзақ (сопрано), Азамат Жыл­тыркөзов (баритон), Музыка ака­демигі Саида Калыкова (форте­пиано), «Дарын» мемлекеттік жас­тар сыйлығының лауреаты Ал­тын­бек Әбілда (баритон), ха­лық­ара­лық байқаулардың лауреаттары Әй­ге­рім Аманжолова (сопрано), Тал­­ғат Аллабиринов (тенор), Ал­­тын­­бек Арыстанбек (тенор), Фи­руза Рахметова (сопрано) өнер көр­сет­ті. Ал концертмейстер – Роза Шот­қа­лиева. Азамат Жылтыркөзов фран­­цуз музыкасының кешін да­йын­­­дау­ға көп күш жұмсалғанын атап өтті.

«Бағдарлама француз музы­ка­сының сұлулығы мен бай­лығын көрсету үшін арнайы таңдалды. Бизенің «Кармені» баршаға таныс, ол әлі күнге дейін миллиондаған адамның сүйікті операсы саналады. Концертте, сондай-ақ түрлі көңіл күйді, нәзік психологиялық күйлерді жеткізу ерекше маңызды болған импрессионистер Равел мен Дебюссидің туындылары болды. Одан бөлек, көрермен лирика­лық және құштарлық әуендерінің авторы «әйел атаулысының ақы­ны» Массненің де шығармала­рын тыңдады. Ал Пуленктің музыка­сында Париждік бояу ерекше есті­леді. Яғни француз шансонымен байланысы бар», дейді өнерпаз.