• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 30 Қыркүйек, 2022

Мемлекет басшысы жастарға үндеу жолдады

801 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының жұртшылығымен кездесуінде жастарға үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бір сөзбен айтқанда, еңбекқорлық – қазіргі заманда бізге аса қажет құндылық. Осы қағиданы кеңінен дәріптеуіміз керек. Менің мұны Семей төрінде тұрып айтуымның өзіндік себебі бар. Өйткені, бұл – әрдайым жас ұрпақты жақсылыққа, жаңашылдыққа жетелеген жер.Менің Үндеуім еліміздегі әрбір жастың жүрегіне жетеді деп сенемін. Шын мәнінде, қазір – білім мен ғылым салтанат құрған заман. Мұны дәлелдеудің еш қажеті жоқ. Әлемдік экономикада жоғары технологиялық өнімдерді жасап шығаратын компаниялар алға шықты. Бұл – ғылым келешектің бет-бейнесін анықтайды деген сөз», деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда ол тың идея мен озық ой кез-келген саланы өркендететінін айтты.

«Өскелең ұрпақ білімге, ғылымға құштар болуы керек. Осыны жан-жақты дәріптеуге мемлекет қана емес, бүкіл қоғам және әрбір азамат атсалысуға тиіс. Өркениетті мемлекетті тек білімді азаматтар ғана қалыптастыра алады», деді Президент.

Бұдан соң, ол жуырда Нью-Йоркке сапарында АҚШ-та жұмыс істеп жүрген жастармен кездескенін еске салды.

«Олар білім алуға деген ынта-жігері мен еңбекқорлығының арқасында әлемнің әр түкпірінде табысқа жетіп жүр. Міне, осындай жастарды үлгі тұту қажет», деді Қ.Тоқаев.