KASE Қазақстандық қор биржасында кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша сағат 17:00-де доллардың орташа өлшенген бағамы 476,53 теңгені құрап, 0,11 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 8,28 теңгеге (-0,02) дейін төмендеді.
Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы көтеріліп, 67,13 теңгені (+0,63) құрады.
Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 462,2 теңгеге белгіледі.
Айырбастау пункттерінде доллар 475-479 теңгеден, еуро - 464-469 теңгеден, рубль - 7,25-7,6 теңгеден сатып алынады/сатылады.