• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Қазан, 2022

ҚР Президенттігіне екінші үміткер ұсынылды

335 рет
көрсетілді

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Қазақстан Республикасы Президенттігіне өз кандидатын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Партия штабының хабарлауынша, президенттікке Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасы ұсынылды. 

Нұрлан Әуесбаев 65 жаста. Ол 1957 жылы 17 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан) дүниеге келген, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Астана қалалық филиалының төрағасы, мамандығы заңгер-экономист.