• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ахмет Байтұрсынұлы 01 Қазан, 2022

Торғайда Ахмет Байтұрсынұлының тойы өтіп жатыр

546 рет
көрсетілді

Қарт Торғайда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар басталды. Дүбірлі тойға арнайы келген Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев алаштың қос алыбы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құрметті қауым, қадірлі Торғайлықтар! Алдымен баршаңызды ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Жалпы, Ахаң туралы айтқанда, оның қайраткерлігі мен қаламгерлігі қатар еске түседі. ...Ұлт ұстазы қазақ халқының заман көшінен қалмауын қалады және осы мақсатқа бүкіл өмірін арнады. Сондықтан халық үшін өмірін қиған Ахаңдай арысымызды ұлықтап, мұрасын дәріптеу, еңбегін насихаттау – бар қазақтың міндеті десек артық бола қоймас.  Биыл осы мерейтой аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Көптеген елді мекендерге, көшелерге, нысандарға Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Ахаңның кіндік қаны тамған Сарытүбекте кесенесі тұрғызылды. Ал дәл қазір ашылып жатқан ескерткіштің Ахаң мен Жахаңа арналуында үлкен символикалық мән бар. Себебі екі арысымыз да ұлтты ояту жолында еңбек етті. Осы жолда Міржақып Дулатұлы «Оян, қазақ!» деп халқының санасына сілкініс әкелгені де баршамызға белгілі. Әлихан, Ахмет, Міржақыптар алаш қозғалысының басында жүрген тұлғалар. Олар тәуелсіздікті аңсады. Қазақты азат ел етуге ұмтылды. Ахаң мен алаштың бірге аталуы заңдылық. Сондықтан бұл ескерткішті барша алаш арыстарының рухына тағзым, соларға көрсетілген құрмет деп қабылдауымыз керек. Емкерткіштің  ­Ахмет пен Міржақыпқа арналуының тағы бір маңызды себебі ­– қос қайраткердің де осы өңірдің тумасы болуында екені сөзсіз. Жалпы, Торғай өңірі Ахмет пен Мәіржақыптай талай арыстарымыз шыққан қастерлі мекен. Ұлтымыз үшін бұл өлкенің орны бөлек. Торғайдың халқы ешқашан қазақы қалпын бұзбаған, кешегі тар заманның өзінде ұлттық болмысынан айнымаған. Торғай – алаш рухын тербеткен елдіктің еңселі ордасы. Сондықтан бұл өңірдің қадір-қасиеті ерекше. Біз мұны әрдайым есте сақтап жүреміз», деді Сенат басшысы.

Қос алыпқа қойылған қола ескерткіштің ашылу рәсімінен кейін қонақтар Торғайдағы Ахмет пен Міржақып мұражайына бас сұқты. Биыл ұлт ұстазының мерейтойы аясында бұл музей 170 млн теңгеге бастан-аяқ жөнделіп, іші-сырты жаңарды. Реэкспозиция жұмыстары жүргізілді.  

Бұдан әрі мерекелік шара Жангелдин ауданының орталығы Торғайда жалғасты. Мұнда биыл Ахмет пен Міржақып мұражайы 170 млн теңгеге бастан-аяқ жөнделіп, іші-сырты жаңарды.

Той түстен кейін Ахмет Байтұрсынұлының кіндік қаны тамған Сарытүбек қонысы мен Ақкөл ауылында жалғасты.  Мұндағы іс-шара аруақтарға тәу етуден басталды. Ахаңның атақонысы ­ - Сарытүбектегі қорымда ұлт ұстазының әкесі Байтұрсын мен ағасы Қали жерленген. Олардың жанына биыл халық боп қаржы жиып, Ахаңа ақ кесене тұрғызылды.  

Мерекелік іс-шаралар барысында қазір Торғайда ат бәйгесі мен палуандар белдесуі қызып жатыр. Кешке орталық стадионда облыс өнерпаздарының концерті басталады. Онда тек Ахаңның әндері ғана шырқалады.