• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Бокс 02 Қазан, 2022

Мейірім Нұрсұлтанов Аргентиналық боксшыны жеңді

139 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Люблиндегі (Польша) бокс кешінде өнер көрсетіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол «қорқынышты» лақап аты бар аргентиналық Марсело Эстебан Косереспен (31-4-1, 17 КО) титул үшін жекпе-жек өткізді. Бұл орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Жекпе-жек бірауыздан қабылданған шешім бойынша қазақ боксшысының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой мансабындағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізсе, Марсело Эстебан Косерес бесінші рет жеңіліске ұшырады.