• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Қазан, 2022

Қайталанбас тарихи жәдігерлер елі

746 рет
көрсетілді

Елдігіміздің ежелгі тарихынан бастап, тәуелсіздік бедеріндегі бар жәдігерлерімізді жинақтап, көздің қарашағындай сақтап отырған Алматыдағы Мемлекет­тік орталық музей 17 жылдан бері үзбей Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен қоян-қолтық жұмыс істеп келеді. Музейде екі елдің татулығына қызмет ететін дипломатиялық іс-шаралар шеңберінде түрлі көрмелер мен мәдени іс-шаралар өтіп жатады.

Бұл жолы Қазақстанның Мем­лекет­тік орталық музейі ҚХР Бас консул­­дығымен бірлесіп Қытай Халық Республи­касы­ның құрылған күніне орай, «Қытайдың әлемдік мұра нысандары» атты халықара­лық фото­көрменің тұсауын кесті.

Қытай – қайталанбас тарихи ескерткіштері сақталған ежелгі өркениет пен өзіндік мәдениеттің елі. Бұл елдің тарихи жәдігерлері бүкіл адамзатқа ортақ ескерткіш ре­тінде ғаламат ауқымымен таң­ғал­дырып, табиғат алуан­дығы да көрген адамды тәнті етпей қоймайды.

Сонымен «Қытайдың әлем­дік мұра нысандары» көр­месінен ЮНЕСКО-ның бүкіл­әлемдік мұралары тізімі­не енген Қытайдың тарихи және мәдени ескерткіш­терінің суреттері орын алды.

Келушілердің назарына «Ұлы Қытай қорғаны», «Император Цинь Шихуан­дидің қабірі мен терракоталық мүсіндер», «Уданшан тау­ларындағы ежелгі ғимарат­тар кешені», ежелгі Лицзян қала­сы, Цюйфудағы Конфуций ғибадатханасы, «Могао үңгірлері», «Лушан ұлттық паркі», «Сучжоу қаласын­дағы классикалық бақ­тар», «Дацзудың жартастағы рельеф­т­ері» сияқты ғаламат фото­лар ұсынылды.

Көрмеге ежелгі өркениет інжу-маржандарының 60-қа жуық фотосы қойылған. Бұл суреттерді танымал Қытай фотографтары – Чжоу Цзя­ниен, Сун Чжицзюнь, Тань Мин сынды талантты адамдар түсірген.

Көрменің ресми ашылу салтанатында екі елдің дип­ло­матиялық корпусының өкіл­дері мен қала жастары қаты­сып, Мемлекеттік орта­лық музейдің директоры Ра­шида Харипова, Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй сөз сөйледі.

– Орталық мемлекеттік му­зейі әрдайым Қытай елі­мен мәдениет алмасуды ықы­ласпен атқарады. Қытай­­дың айтулы күндері мен ме­ре­келеріне және Қытай мен Қазақстанның қарым-қатынасына арнал­ған тақы­рыптық көрме­лер өт­кізу дәстүрімізге айналды. Фотокөрме ҚХР-дың 73 жылдығы мен Қытай-Қазақ­стан дипломатиялық бай­ла­ныстарының 30 жыл­дығына арналып отыр. Қазіргі таңда ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра­ларының тізіміне Қытай­дың 55 нысаны енсе, бұл жәдігерлер – Қытай еліне ғана емес, бүкіл әлемге, адамзат баласына ортақ. Мен осы көрменің арқасында қазақстандық достарымыз Қытай туралы көбірек біліп, адам жаны мен мәдениетін тілдестіре алатын тамаша диалог табады деп үміттенемін, – деді Қытай Халық Респуб­ликасының Бас консулы Цзян Вэй ханым.

Бас консул Цзян Вэй ханым осы 30 жылда екі елдің барыс-келісі мен алыс-берісі ыр­ғақ­ты арнаға түскенін, өзара сенім мен достық байла­ныстар жаңа белеске көтеріл­генін атап өтті.

– Осыдан екі апта бұрын ғана Төраға Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік іссапармен келді. Бұл Қытай басшысының пандемия­дан кейінгі алғашқы шетел­дік іссапары екіжақты бай­ланыс­тардың мәні тарихи маңыздылыққа ие екен­дігіне айғақ бола алады. Осы оқиға барысында екі мемлекеттің басшысы «Қазақстан – Қытай: Мыңжылдықтардың тілдесуі» көр­месіне барды. Осы көрмедегі экспонат­тар­дың бір бөлігі Қазақ­стан­ның Орта­лық мемле­кеттік музейі мен Өнер музейі­нен алынды. Осы­нау көрме көшбас­шы­лары­­мыз­дың мәдени-гумани­тар­лық байланыстарға үлкен мән беретініне куә бола алады.

Мен барлық кезде адам­­ның жан дүниесін жақын­дату ел­дер­дің достық бай­ла­ныс­тарын нығай­туда маңыз­­ды рөл атқара­тыны­на сенім­дімін. Бас консул ретінде де маңызды міндетім – екі халық­тың түсіністігі мен тату­лы­ғын бекемдеу. Және бұл дип­кор­пус­тағы әрбір әріптесіме ор­тақ миссия. Келешекте де Бас консул­дық қазақстандық дос­тары­мызбен бірге мұнан да қызық­ты әрі ын­тымақтастыққа мүд­делі тамаша мерекелерге мұ­рын­дық болуға дайын, – деді Қытай Халық Республика­сының Бас консулы Цзян Вэй.

 

АЛМАТЫ