• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Қазан, 2022

Жапонияда жер сілкінді

357 рет
көрсетілді

Жапонияның оңтүстік-батысындағы Миядзаки префектурасының жағалауында 5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапония метеорологиялық агенттігінің (JMA) мәліметінше, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 12:02-де болған. 

Жер сілкінісінің ошағы Осуми түбегінің жағалауында орналасқан.  

Цунами туралы ескертулер болған жоқ. 

Жерасты дүмпулері Эхиме, Сага, Кумамото, Ойта және Кагосима префектураларына да сезілген.