Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламның 7 қазан күні Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтетін кезекті жекпе-жегінде қарсыласы өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Бастапқыда Қазақстандық боксшының қарсыласы Доминикан Республикасының өкілі 32 жастағы Эдвард Уллоа Диас еді.
BoxRec.com мәліметінше, оның ендігі қарсыласы 38 жастағы аргентиналық Хавьер Франциско Монтиэль (34-17, 23 КО). Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.
Қанат Ислам үшін бұл жекпе-жек 2022 жылғы екінші жекпе-жек болмақ. Алдыңғы кездесуде ол Джимми Келлимен (26-3, 10 КО) WBO Global титулы үшін жекпе-жекте жеңіліске ұшырады.