• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қазан, 2022

Қазақстанда мәжбүрлі еңбек жазасы қолданылуы мүмкін

356 рет
көрсетілді

Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселен, 2022 жылғы 8 маусымда қабылданған ҚР Конституциясына енгізілген түзетулердің бірі Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы сот актісі негізінде мәжбүрлі еңбекті қолдануға жол берілетінін көздейді.

Осыған байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске әкімшілік жазаның осы түрін қосу, оны орындау тетігін, сондай-ақ оны қолдануға болатын ӘҚБтК-нің ерекше бөлігінің құрамын айқындау ұсынылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін мәжбүрлі еңбекті қолдану кінәлі адамға тәрбиелік әсер етеді деп күтілуде. Бұдан басқа, әкімшілік жазаның бұл түрі кінәлі адамда қаражаты болмаған жағдайда әкімшілік айыппұлға балама бола алады.

«Көптеген дамыған елдерде мәжбүрлі еңбек кішігірім құқық бұзушылықтар үшін қолданылады. Ұсынылған жаңашылдық құқық бұзушыға, әсіресе қоғамдық тәртіпті бұзуға қол сұғатын адамдарға жақсы тәрбиелік және профилактикалық әсер етеді», делінген негіздемеде.

Сонымен бірге Әділет министрлігі бұл норманы енгізу қылмыстық теріс қылықтарға қарағанда іс жүзінде әкімшілік құқық бұзушылықтар жиі жасалатынын ескере отырып, қоғамда жағымсыз реакция тудыруы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Құжат 22 қазанға дейін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.