• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қазан, 2022

Оралда төбелес ұйымдастырған ресейліктер елден шығарылады

335 рет
көрсетілді

Орал қаласында бір-бірімен төбелескен ресейліктер елден шығарылады. Қалалық сотта тиісті үкім шығарылды,  деп хабарлайды Egemen.kz.

3 қазанда Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 28-бабының негізінде төбелеске қатысушылардың барлығын елден шығару туралы шешім қабылдады.

Айта кетсек, 30 қыркүйекте Ресей Федерациясының азаматтары түнгі клубтың жанында төбелес ұйымдастырған. Төбелеске қатысқандар полицияға жеткізілді.