• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 04 Қазан, 2022

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

270 рет
көрсетілді

12 қарашада Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) орта салмақ санатындағы чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста британиялық Дензел Бентлимен (17-1-1,14 КО) кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жететініне қазірден-ақ сенімді. Ол жекпе-жек алдында әлеуметтік желі көмегімен мәлімдеме жасады. 

«Вегаста кездескенше! Көзілдірік таға кел, өйткені мен рингте жарқырайтын боламын», деп жазды кәсіпқой боксшы Instagram-дағы парақшасында. 

Еске салсақ, орта салмақтылардың рей­тин­гінде 14-орында тұрған Ден­зел Бентли Жәнібек Әлім­ханұлы алтын белбеуді иеленген бетте оны жекпе-жекке ша­қырған еді. Қандасымыз оның бұл ұсынысын қабылдады.