• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 04 Қазан, 2022

ҚазТемірТранс Қостанай филиалының директоры сотталды

155 рет
көрсетілді

2022 жылғы 3 қазанда Қостанай қаласының №2 сотымен «Қазтеміртранс» АҚ Қостанай филиалының директоры Б.Усабеков пен «Вадиса М» ЖШС директоры С.Таировқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоғарыда аталған тұлғалар жүк вагондарын кедергісіз және жедел жеткізгені үшін пара алды, берді деп айыпталды.Сот үкімімен Усабековке орташа қауіпсіздік мекемесінде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.«Сондай-ақ Таировқа пара беру фактісі бойынша параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалды, бұл 24 млн теңгені құрайды», делінген хабарламада.Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.