«Барыс Аренада» өткен матчтың 11-ші минутында қонақтар есеп ашты. Гол авторы Андрей Белозеров.
Араға 7 минут салып Джереми Бракко таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңнің 37-ші минутында Адрей Чивилев жеңіс шайбасының авторы атанды.
Қорытынды есеп - 1:2.
Айта кетсек, биылғы маусымда 14 матчтың қорытындысы бойынша елордалықтар Шығыс конференциясында 6-шы орынға жайғасса, «Нефтехимик» ең соңғы 14-ші орында келеді.