• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қазан, 2022

Атыраудағы «Қазақ ұлттық қыздар мектебіне» айыппұл салынды

318 рет
көрсетілді

Бұл туралы Egemen.kz Атырау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2022-2023 оқу жылына 7 сынып комплектісімен 101 оқушыны қабылдай отырып, тіркеусіз және рұқсатсыз білім беру қызметімен айналысқан. Сот қаулысымен ЖШС ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 53 603 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», деп жазылған хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.