• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 05 Қазан, 2022

Қарағанды облысының 176 ауылында таза су жоқ

140 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесу барысында Балқаш көлінің жағдайы жайлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Балқаш көлін сақтау бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.

«Облыстағы 176 ауылда таза су жоқ. Биыл 37 елді мекенге таза су беріледі. Басқа ауылдарды көп созбай сумен қамту қажет. Соңғы жылдары Балқаш көлі күрт тартылып барады. Еліміздің орталығын сумен қамтамасыз ететін Сәтбаев каналының техникалық жағдайы мәз емес. Білікті мамандармен бірлесіп, осы екі мәселені мұқият зерттеуді тапсырамын. Көлді сақтау және каналды қалпына келтіру үшін барлық шаралар қабылдануы керек. Қазір суды тазартып, тұшытатын заманауи технологиялар баршылық. Қандай шөлді жер болса да, халықты ауызсумен қамтамасыз етуге болады. Әкімдік ірі бизнес өкілдерімен бірге бұл жұмысты мықтап қолға алуы керек», деді Мемлекет басшысы.