• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 05 Қазан, 2022

Шетелде жүрген жастар ел мүддесіне қызмет жасай алады - Президент

341 рет
көрсетілді

Шетелде жүрген қазақстандық жастар сол жақтан ел мүддесіне қызмет жасай алады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жас ұрпақ аға буынның өмір жолынан тағылым ала білгені жөн деп санаймын. Жастарымыздың кез-келген сәтте елге оралуына мүмкіндік бар. Тіпті, шетелде жүрсе де сол жақтан ел мүддесіне қызмет жасай алады. Біз оларға мемлекетшілдік рухын сіңіріп, ел игілігіне қызмет етуге жұмылдыра білуіміз керек. Бүгінгі жастар заман талабына тез бейімделе алады. Олардың өршіл идеялары мен ерік-жігері – Қазақстанды дамытатын басты күш. Өскелең ұрпақтың осы әлеуетін дұрыс арнаға бағыттау – біздің міндетіміз», деді Мемлекет басшысы.