• RUB:
    4.93
  • USD:
    523.17
  • EUR:
    550.06
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қазан, 2022

Президент масылдық психологиядан арылуға шақырды

328 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Павлодар облысының жұртшылығымен жүздесуінде қоғамда көбейіп бара жатқан масылдық психологиядан арылу керегін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біздің қоғам масылдық психологиядан арылуы керек. Әрине, мемлекет әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсете береді. Бірақ жұмыс істеуге мүмкіндігі бар әрбір адам адал еңбекпен табыс тауып, отбасын асырауға міндетті. Осының өзі елімізді дамытуға үлес қосу деген сөз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.