• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Теннис 06 Қазан, 2022

Елена Рыбакина Чехиядағы турнирдің ширек финалына шықты

143 рет
көрсетілді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 26-орын) Остравада (Чехия) өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында Беларусь теннисшісі Александра Сасновичпен (31-ші) кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Рыбакина үш сетте (6:7, 6:4, 7:5) жеңіске жетіп, ширек финалға шықты.

Острава турнирінің жүлде қоры 757 900 долларды құрайды. Елена Рыбакина мен Александра Сасновичтің жеке кездесулеріне келсек, қазақстандық ойыншы көшбасшылығын нығайтты (3:0). Олар бұған дейін 2021 жылы АҚШ-та US Open және Чикагодағы турнирде кездескен, Рыбакина екі кездесуде де (6:2, 6:3 және 6:4, 6:4) жеңіске жеткен.

Еске салайық, қыркүйекте Елена Рыбакина Порторошта (Словения) өткен турнирде финалға дейін жеткенімен, чех теннисшісі Катерина Синяковадан (53-орын) 7:6, 6:7, 4:6 есебімен ұтылып, чемпиондық атаққа ие бола алмады.