Қайғылы оқиға 4 қазан күні Орал қаласында болды. 10-сынып оқушысы таңертең мектепке келіп, сабақ алдында есінен танып қалған. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, бала осы оқу орнына биыл ауысқан. Дәрігерлердің айтуынша, оқушы медициналық диагнозбен есепте тұрған.
«Қоңырау 8:09-да түсті. 2007 жылы туған бала фельдшерлер келгенге дейін қайтыс болды», делінген Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы таратқан ақпаратта.
Оқиғаның себебін анықтау мақсатында тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды.