• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 06 Қазан, 2022

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі тағайындалды

344 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі болып Ильхам Ахметов тағайындалды. Тиісті бұйрыққа министрлік аппаратының басшысы қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ильхам Бақтыбайұлы Аметовтің заңгерлік және ветеринарлық білімі бар.  Жапонияда ауыл аудандарын дамыту бағыты бойынша тағылымдамадан өткен.

Әр жылдары ветеринар-фельдшер, ветеринариялық дәрігер, шаруа қожалығы директорының орынбасары, АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ тағайындалғанға дейін ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметі мен өңірдің аумақтық инспекциясының әдеп жөніндегі уәкілінің міндетін атқарды.