Ташкентте дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Елдос Сметов 60 келіге дейінгі салмақтағы бірінші белдесуде әлем чемпионатының қола жүлдегері әзербайжандық Карамат Гусейновтан басым түсті.
Дәл осы категорияда Мағжан Шамшадин стартта итальяндық Анджело Пантаноға есе жіберді.