Атыраудағы емханалар елге келген ресейліктерге жұмыс пен баспананы қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды «Ақ Жайық».
«Менің түсінуімше, көбі Атырауды транзиттік нүкте ретінде қарастырады және бұл жерде ұзақ тұруды жоспарламайды. Ал бізге терапевт, педиатр, УДЗ, жалпы тәжірибелік дәрігерлер сынды мамандар қажет. Біз шетелдік мамандарды шақыру үшін барлық қажетті төлемдерді жасауға, оларды баспанамен қамтамасыз етуге дайынбыз. Нострификациядан өткен, тиісті сертификаттары бар жақын және алыс шетел дәрігерлері біздің емханада бірнеше жылдан бері жұмыс істейді», деді Атыраудағы «Интертич» аймақтық өкілдігінің директоры Наталья Мандровна.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, емханалар мен ауруханаларға ұсыныстар мен өтініштер түскен жоқ.
«Архимедис» емханасы УДЗ дәрігерін, гинекологтарды, жалпы тәжірибелік дәрігерлерді кезекші жұмысқа алуға дайын. «Медикер Жайық» ЖШС-не де эндокринолог, кардиолог және басқа да мамандар қажет.
«Соңғы оқиғалардан кейін, Ресейден келген дәрігерлер бізге түйіндемелерді жіберуде, бірақ біз әлі олармен сұхбат өткізген жоқпыз. Кейбір түйіндемелерде көрсетілген телефон нөмірлері өшірулі. Ал енді бірі Қазақстанның басқа қаласында», дейді Н.Мандровная.
Жансая ӘНУАР