• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Қазан, 2022

Мексикада белгісіз біреулер әкімшілік ғимаратқа шабуыл жасады

156 рет
көрсетілді

5 қазанда Мексиканың Герреро штатындағы Сан-Мигель Тотолапан қаласының әкімшілігіне белгісіз біреулер шабуыл жасады. Қарулы адамдар ғимаратта болған 18 адамды атып өлтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

La Jornada басылымының хабарлауынша, белгісіз адамдар қаланың мэрі Конрадо Мендоза мен оның әкесі Хуан Мендозаны атып өлтірген. Кейін қылмыскерлер әкімшілік ғимаратқа кіріп, тағы 16 адамды өлтірген.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, оқиға орнына полицейлер келіп, тергеу жұмыстарын бастады. Алайда қылмыскерлер оқиға орнынан жасырынып үлгерген.

Қазір қылмыстық топты әскери күштер мен екі тікұшақ іздестіріп жатыр.