• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Қазан, 2022

АҚШ-та «Иэн» дауылынан қаза тапқандар саны 110-ға жетті

273 рет
көрсетілді

АҚШ-та 110 адам «Иэн» дауылының құрбаны болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жергілікті БАҚ-тың хабарауынша, Флорида штатында 300 мыңға жуық тұрғын әлі күнге дейін жарықсыз отыр.

Осы уақытқа дейін дауыл салдарынан Флоридада 105 адам, оның ішінде Ли округінде 55 адам қайтыс болды. Сондай-ақ Солтүстік Каролина штатында бес адам қаза болды. Зардап шеккендердің көпшілігі суға батып кеткен.

Флорида штатының Коллиер округіне коменданттық сағат енгізілді. АҚШ президенті Джозеф Байден сәрсенбіде Флориданың Форт-Майерс қаласында штаттың толық қалпына келуі үшін бірнеше жыл қажет екенін айтты.

«Иэн» дауылы 28 қыркүйекте Флориданың оңтүстік-батыс жағалауында соқты. Қатты дауыл мен су тасқыны көптеген үйлерді, инфрақұрылымдарды, көліктер мен кемелерді зақымдады. 30 қыркүйекте дауыл Атлант мұхитынан Оңтүстік Каролина штатына жетті.

Америкалық CoreLogic аналитикалық компаниясының бағалауы бойынша, Флоридадағы дауылдан келген шығын 47 миллиард АҚШ долларына жетуі мүмкін.